«Озерный НЖББМ» КММ 2025 жылғы 3 қазанда Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шаралардың мақсаты – педагогикалық еңбектің беделін арттыру, мерекелік көңіл-күй қалыптастыру және ұжымның бірлігін нығайту. Мереке аясында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылды: Салтанатты жиын. Оқушылар мұғалімдерді өлең жолдарымен, музыкалық нөмірлерімен құттықтап, ұстаздарға алғыстарын білдірді. Іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздарға құрмет пен алғыс атмосферасын қалыптастырды. Мұғалімдер оқушылардың белсенділігін және жылы көңіл-күйді ерекше атап өтті.




